"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық кеңес 06/01/2020

08.01.2020

Күн тәртібі:

 

  1. II тоқсан бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасын сараптау.
  2. «оқушыларға орта буыннан бастап жоғары сыныпқа кәсіптік бағдар беру»
  3. «Мұғалім мәртебесі» туралы Заңмен таныстыру.
  4. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

 

Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшілер оқушылардың  оқу үлгерімі туралы есеп беріп, не себептен сынып оқушыларының білім сапасының төмен немесе жоғары екендігін атап өтті.

Мектеп директорының оқу және тәрбие ісінің меңгерушісі Нұралина А.Т білім сапасының жоғары болуы үшін педагогтар оқу көрсеткіші бір екі пәннен ғана төмен оқушылармен жеке жұмыс өткізуді ұсынды.

Екінші сұрақ бойынша мектеп директорының тәрбие ісінің меңгерушісі Жылқыбаев Д.Қ және мектеп психологы Сарсенбаева Д.М кәсіптік бағдар беру бойынша I- ші жартыжылдықта оқушылармен және ата-аналармен өткізілген жұмыс түрлерін, нәтижелерін презентация түрінде көрсетті. «Ата-аналармн жұмыс өте тығыз әрі нәтижелі қарқынды дамуда, себебі ата-аналар комитетінің белсенді жұмысының жемісінің арқасында» деп атап өтті Жылқыбаев Д.К.

     Үшінші сұрақ бойынша мектеп директоры Мукамажитова К.З «Мұғалім мәртебесі» туралы заңнның негізгі басты баптармен таныстырды.

Бұл заң 21баптан тұрады және төрт бағытты қамтиды. Ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстардан босату, олардың жүктемесін азайту. Материалдық емес, ынталандыру тетіктері және материалды ынталандыру қадамдары ең басты маңызды деп айтылды.

5-бап. Педагогтік әдеп. Педагогтік әдеп заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізделеді. Педагогтік әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық болып табылады және педагогті ҚР-ның еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауаптылыққа алып келеді.

8-бап.Мемлекеттік ұйымдарда кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке еңбегіне ақы төлеу жүйесі, лауазымдық айлықақылар, қосымша ақылар, үстемақылар және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер ҚР-ның заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады. Осы және басқа да баптармен мектеп директоры Мукамажитова К.З толық таныстырды.

         Төртінші сұрақ бойынша мектеп директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамажитов А.З «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы толық ақпарат беріп, маңызды тарулармен таныстырды. 13-1.формативтік бағалау кезінде мұғалім сабақта кері байланысты жүзеге асырады.

14-4.Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайдабөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

 

15-тармақ. Келесі пәндер бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді: өзін өзі тану, Көркем еңбек, Музыка, Дене шынықтыру, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері, Алғашқы әскери және технологиялық дайындық, Қоғам және дін; Ақпараттық -коммуникативтік технология.

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст