«Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бойынша мектебімізде ыстық тамақпен қамту мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді. Мектеп асханасы 5 күндік жұмыс кестесімен жұмыс жасайды. Күнкөрісі төмен отбасының 7 оқушысы және бірінші сынып оқушылары тегін ыстық тамақ ішеді. Мониторинг комиссиясы, бракераж комиссиясы айына 2 рет рейд жүргізіп актілер жасақталады. Комиссия мүшелері дайын және шикі өнімнің сапасын бақылау үшін мониторинг жүргізеді. Асханада санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталуын тексерді. Асханадағы оқушылардың тамақтану ережелерінің және уақытылы тамақтануларының қатаң сақталуын жауапкершілікпен қадағалау мақсатында сынып жетекшілері мен мұғалімдердің кезекшілік кестесі құрылып, бекітілді. Кезекшілер оқушылардың уақытында тамаққа баруын қадағалап отырады. Мектеп медбикесі Хамзина О.С «Дәрумендердің адам ағзасына тигізер пайдасы» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізді.