01.10.2026
Кызырова Бибигуль Сабыржановна - «Тасты –Талды ауылының ЖОББМ» КММ математика және информатика пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі – 25 жыл. Білімі –жоғары . Санаты – «педагог-зерттеуші».
Бибигуль Сабаржановна Арқалық педагогикалық институтын 1997 жылы тамамдады. Ол алғашқы ұстаздық жолын 1997 жылы Жарқайың ауданының Далабай орта мектебінде бастады.
2005 жылдан бастап Тасты –Талды ауылының ЖОББМ» КММ-де жұмыс істеп келеді.
Ұстаз оқу процесінде оқушыларға берілетін білімнің теориялық практикалық дәрежесін арттыруды қалайды. Шәкірттерге білім мен тәрбие берудің негізі тартымды сабақ деп танып, оны жоғары да жаңашыл педагогикалық тағылыммен, шығармашылық ізденіспен өткізеді.
Мұғалім өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. Мұғалімнің теориялық білімі, методикалық шеберлігі жеткілікті.
Болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінген білікті ұстаз, әр сабағына жан-жақты даярланып, оған қалайда тың жаңалық енгізіп, оқушылардың ой-өрісін дамытуға бар күш жігерін жұмсап келеді.
Сабақтарында қазіргі заман талабына сай дамыта оқыту технологияларын пайдалана отырып, түрлі әдіс тәсілдерін кеңінен қолданып, оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, балаларды шығармашылықпен ізденуге ұмтылдырады.
Сіз — білімнің биігін бағындырған, шәкірт жүрегінен орын алған, өз ісіне адал ұстазсыз. Еңбегіңіздің жемісі — талай шәкірттің жетістігі мен өмірдегі өз жолын табуы.
25 жылдық еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Ұстаздық жолыңыз ұзақ, шәкірттеріңіз білімді де биік белестерден көріне берсін!