"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы жан-жақты түсіндіру.Хаттама №1.

Тасты-Талды орта  мектебі.

 

                                                          Х А Т Т А М А. 

 

Қатысқандар:                                                                                     21.09.2020ж.

Ұстаздар - 30.

 

 

                                      Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

 

1. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы жан-жақты түсіндіру.

 

        Тыңдалды:

      Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры К.З.Мукамажитова ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы 2015ж. 18қарашадағы №410 Заңының талаптарын жиналысқа қатысушыларға жан-жақты түсіндірді. Осы заңда қамтылған кейбір ұғымдарға түсіндірме жасады.

        Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Заңның үстемдігі мен жемқорлықпен күрес» бойынша ұжымда жүргізіліп отырған жұмыстарға тоқталып өтті.

        Жұмыс орнында және жұмыстан тыс уақытта сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылықтардың, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға бағытталған нақты және нәтижелі ұйымдастыру шараларын қарастыру қажеттілігін атап өтті.

        Ұжым мүшелері Какимжанова А.Т, Жылкыбаев Д.К, Мухамажитова А.З мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» жағдайын жасау арқылы сыбайлыс жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында өз ой пікірлерін ортаға салды.

         Осыған орай күн тәртібіндегі мәселеге байланысты мектеп директоры К.З.Мукамажитова Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, одан туындайтын қылмыстық жауапкершіліктер көзделген  Кодекстерді басшылыққа алып, жұмыс жүргізу керектігі жөнінде айтты. Заң үстемдігімен тұрақты түрде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізудің маңыздылығын түсіндіріп, жиынды қорытындылады.

 

                                              Қаулы  етеді:

 

  1. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, одан туындайтын қылмыстық жауапкершіліктер көзделген  Кодекстерді басшылыққа алып, жұмыс жүргізілсін.

 

 

                                                    

 

  Хатшысы:            Доспаева В.Н.

 

 

Жаңартылған күні: 26.12.2020 23:55
Құрылған күні: 26.12.2020 23:55

Текст