Текст
Мектепте жемқорлықпен күресуге арналған әдістемелік оқулықтарды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Аталған іс шараны мектеп әкімшілігі мен кәсіподақ төрайымы ұйымдастырды.
Жемқорлықпен күресуге соңғы жылдары үлкен назар аударылады, сол себептен 2014 жылы қабылданған 2015–2025 жылдарға арналған ҚР жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы сұрақтарға жауаптар табылды.Қоғамда жемқорлықпен күресуші және күресетін мәдениетті дамыту басты сұрақ болды.Жоғары оқу орындарында осы мәселемен күресу мақсатында "Жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" оқытылады деп айтылды. дөңгелек үстелде қатысушылар мәселеге байланысты презентациялармен танысты, өз пікірлерімен бөлісті.