"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Қонақ сабақтар» – тәжірибе алмасу алаңы

16.10.2026

2026 жылғы 13 қазанда аудандық чек-параққа сәйкес «Державинск қаласының Николай Островский атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Қонақ сабақтар» іс-шарасы өтті.

Іс-шара аясында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Л.В. ашық сабақ өткізіп, әріптестерімен педагогикалық тәжірибесін бөлісті.

Мұғалім мен оқушылар алғаш рет кездескеніне қарамастан, сабақ жылы әрі қолайлы атмосферада өтті. Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Жұптық, топтық және жеке жұмыстар барысында өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.

«Қонақ сабақтар» педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына, тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдануына және аудан мұғалімдері арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Просмотров: 5


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст