2019-2020 оқу жылындағы
Тасты-Талды орта мектебінде
қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыстары туралы
ақпарат
Мектепте қамқоршылық кеңесі құрылған, іс-шара жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілуде, 9 адамның құрамы бекітілген.Жоспар бойынша қамқоршылық кеңестің бір отырысы өткізіліп,күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланды.
Мектептің тәрбие ісінің меңгерушілері әлеуметтік отбасы жағдайы төмен оқушылар оның ішінде жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларының тізімі бойынша кеткен оқушылар орнына оқушылар қосылып толықтырылды. Жоспар құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. «Мектепке жол» акциясы барысында ауылымыздың шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің демеушілігімен 14 оқушыға 119000 теңге бөлінді. Оқу құралдары мен сөмке, т.б. заттар, мектеп формасы мен кеңсе тауарлары берілді. Мектеп мұғалімдері аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына киімдей көмек жасады. 20000 теңге көлеміндегі қаржыға мектеп формасы, аяқ-киім, оқу-құрал- жабдықтарын алып беріп, қайырымды игі іс жасалды.