"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесінің отырысы Хаттама №3

 

Қамқоршылық кеңесінің отырысы

Хаттама3

Күні: 4.01.2021ж.

Уақыты: 11.00

Қатысушылар:  қамқоршылық кеңесі мүшелері, мектеп әкімшілігі.

Күн тәртібі:

  1. Әлеуметтік көмек қажет ететін отбасыларының жұмысын жүргізуі туралы және  «Қамқорлық »акция кезінде заттай көрсетілген көмектің есебі мектеп директоры Мукамажитова К.З.
  2. Күн көрісі төмен оқушылардың тізімі туралы тәрбие ісінің меңгерушілері Жылкыбаев Д.К, Какимжанова А.Т және қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сагынбаева Г.Ж .

 

Тыңдалды:

Мектеп директоры Мукамажитова К.З  жиналысты ашып, кезекті отырыстың күн тәртібімен таныстырды.

I- мәселе бойынша мектеп директоры Мукамажитова К.З 2020 жылы "Қамқоршылық кеңесінің атқарған қайырымдылық іс-шараларының есебімен таныстырды. "Қамқоршылық" кеңесінің арнайы қоры жоқ, бірақ  мектеп мұғалімдерінің көмегімен көпбалалы, толық емес, күнкөрісі төмен отбасы балаларына материалдық көмек көрсетіп отырады. Мектеп мұғалімдерінің көмек көрсетуімен заттай оқу құралдары жиналды. Отбасының әлеуметтік жағдайына байланысты күн көрісі төмен және толық емес отбасының балаларына оқу құралдарына көмек көрсетілді. Алдағы осындай игі қайырымдылық іс-шаралар жалғасын табады деген ойдамыз.Сонымен қатар жаңа оқу жылында мектепте кезекші сыныптардың жұмысын ұйымдастыру шаралары жүргізіліп отыр. Әр сыныпта 10-15 оқушы арасында ара қашықтықты сақтау, мектепте барлық санитарлық талаптарды сақтау шараларын орындау жөнінде мектептің дайындығы бар. Ата- аналар балаларын мектепке әкелгенде мектеп ішіне кірмейді, аулада белгіленген сызықтар бойынша тұрып, балаларды ішке кіргіземіз. Кабинеттерді тазалап, кварцтау жұмыстары сабақ сайын жүргізіледі. Барлықтары бетперде киеді, (маска), Антисептиктер мен аяқ астына төселген дезинфекцияланған кілемшелер, коридорда жүру ара қашықтықтар белгісі қойылған. Сабақ бір сыныпта өтеді, қоңырау кестесі қосымша жасалады.

2. Мемлекет тарапынан қандай көмектердің болатыны жайында сұралды. Осы сұрақтар төңірегінде, жалпы мектептің әлеуметтік жағдайы категорияларына сәйкес отбасыларына көмек беруге ұсыну тізімдерін жасалды, онда тиісті құжаттар бойынша талаптарға сай отбасыларының тізімі жасақталады. Осы тұрғыда кімнің қандай ұсыныс-пікірлеріңіз болса ойларыңмен бөлісуді сұрады. Қамқоршылық кеңесінің хаттамасымен, ата-аналардың комиссия құрамымен шешім қабылданады.

 

Қорытынды:

Әлеуметтік көмек қажет отбасына ұсыныстарыңызды ортаға салу сұралды.

Қандай да ата-аналар тарапынан сұрақтар болып жатса кез-келген уақытта мектеп әкімшілігі байланысқа шығуға әр уақытта дайын. Ата-ана, мектеп, қоғам болып бірлесіп  жауапты жұмысты атқаруға белсене атсалысуға шақырамыз.

Шешім:

1. Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық жұмыстары жауапты жүргізілу мектеп әкімшілігіне жүктелсін.

2. Әлеуметтік көмек қажет ететін отбасыларының құжатымен тәрбие ісінің меңгерушілері бекітіліп, ортақ жұмыс чаты ашылып, онлайн жұмысын жүргізу жүзеге асырылсын.

 

Хатшы:                Акбасова Г.А.

 

 

 

Жаңартылған күні: 12.03.2021 14:48
Құрылған күні: 12.03.2021 14:48

Текст