Елімізде жоғары білімді имамдарды дайындайтын «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «исламтану», «дінтану», «теология» мамандықтары бойынша орыс тілі бөлімі өз жұмысын жалғастырып келеді. Алайда аталған мамандықтар бойынша орыс тілінде білім алуға қатысты өңірлердегі талапкерлер хабарда емес немесе аз ақпараттандырылған.
Сонымен қатар, республикадағы діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізу барысында өңірлерде деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен оңалту іс-шараларын жүргізу үшін білікті және тәжірибелі орыс тілді теолог кадрлардың тапшылығы байқалады. Мүмкіндіктер ұсынылған талапкерлерге ҚР «Білім туралы» Заңының нормаларына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған университеттердің түлектері мамандығы бойынша немесе оған жақын мамандану бойынша кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті екенін ескерту қажет. Мектеп түлектеріне осы мәліметті жеткізілді,кәсіби бағдар берілді.