"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Мұндай ұстаздар ұмытылмайды…

01.10.2026

Мұндай ұстаздар ұмытылмайды…

Громина Виолетта Анатольевна Тасты-Талды мектебінде өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында 25 жыл бойы абыройлы еңбек етіп келеді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде ол шәкірттеріне терең білім беріп қана қоймай, олардың жаңа жетістіктерге ұмтылуына жігер беріп, алға сеніммен қадам басуына бағыт-бағдар көрсетіп келеді.

Көпжылдық педагогикалық еңбек жолында Виолетта Анатольевна әріптестерінің құрметіне, шәкірттерінің ыстық ықыласы мен алғысына бөленді. Оның мейірімділігі, сабырлылығы, парасаттылығы мен ұстаздық мамандыққа деген адалдығы алдынан білім алған әрбір шәкірттің жүрегінде ізгі із қалдырады. Осындай ұстаздар шәкірттеріне әрдайым үлгі болып, олар туралы жылы естеліктер жылдар өтсе де жүректе сақталады.

Құрметті Виолетта Анатольевна!

Сізді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен береке, көңіліңізге шаттық, еңбегіңізге толағай табыс пен сарқылмас күш-қуат тілейміз. Шәкірттеріңіздің алғысы мен жетістігі еңбегіңіздің жемісі болып, әр күніңіз қуанышқа, құрметке, жылы жүздесулер мен жарқын сәттерге толы болсын!

Шәкірттеріңіздің жетістігін мақтан тұтып, олардың ыстық ықыласы мен құрметіне бөлене беріңіз!

Просмотров: 27


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст