Тасты-Талды орта мектебінің қамқоршылық кеңес отырысының
Хаттамасы
Күні: 28.09.19
Барлығы-9
Қатысқаны - мектеп әкімшілігі,
9 - қамқоршылық кеңесінің мүшелері
Күн тәртібіндегі мәселелер:
2019-2020 оқу жылындағы қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру;
Тыңдалды:
- Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сагынбаева Г.Ж. Қамқоршылық кеңес мүшелері 9 адамнан құралады деп, оларды атап өтті.
Комиссия төрайымы: Сагынбаева Г.Ж. - мектепішілік
ата- аналар төрайымы
Төрайымның хатшысы: Акбасова Г.А. - 10 сынып ата-ана
Комиссия мүшелері: Ахметова Ұ.А. - аудандық
маслихат депутаты
Украинец Д.В. - директор
ТОО «Күншығыс»
Малеева Л.И. - 8 сынып ата-ана
Каленова К.Г. - ИИП « Каленов»
Сагынбаев К.К. - қоғамдық кеңес
төрайымы
Наурызбаева Л.М. - 11 сынып ата-ана
Коянбаева Р.Ш. - 4 сынып ата-ана
Сондай- ақ қамқоршылық кеңесінің жылдық жоспарымен де таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңес міндетінің бірі – мектепке демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту болып табылады. Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерінің қызмет тиімділігі– бұл бюджеттен тыс қаржыны тартудың тиімді, заңдылықты сауатты инструменті ғана емес, сонымен қатар, мектепке, педагогикалық ұжымға және оқушыларға көмек көрсетудің ең тиімді тәсілі, - деп сөзін аяқтады.
Екінші мәселе бойынша, қамқоршылық кеңес мүшесі Каленова К.Г. «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу туралы айтып өтті. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы өткізілді. Осы ауқымды іс-шараға бұйрық шығарылып, жоспары бекітілді. Бұл акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы халықта ақпараттандыру, ауылымыздың көпшілік жерлеріне үндеу хаттар түрінде бұрыштар құрылып, шаруашылық қожалықтар мен ұйымдарға осы акцияға қатысу туралы үндеу шығарылып, таратылғандығы туралы айтты.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, қамқоршылық кеңес мүшесі Наурызбаева Л.М.сөзінде жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында рейд жүргізілді. Ең бірінші аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға барып, қай баласы неге мұқтаж екендігін бақылап, содан кейін басқа да үйлерді араладық. Барлығына оқу құралдары, мектеп формасы, спорттық киімдері мен аяқ киімдер керектігі анықталды.
Шешімі:
1.Қамқоршылық кеңес жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіліп, жандандырылсын;
2.«Мектепке жол» акциясы қарсаңында аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққа оқушыларға көмек көрсету үшін демеушілермен жақын қарым – қатынас орнатылсын;
3.Жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында рейд жұмысы жандандырылсын;
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Сагынбаева Г.Ж.
Хатшы: Акбасова Г.А.
Мүшелері: Ахметова Ұ.А.
Украинец Д.В.
Малеева Л.И.
Каленова К.Г.
Сагынбаев К.К.
Наурызбаева Л.М.
Коянбаева Р.Ш.