"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектеп асханасы" мектепішілік акция

Тасты-Талды орта мектебі бойынша

 «Мектеп асханасы» акциясының өтілуі туралы

 ақпарат

2020 жылдың 27-қаңтары мен 27 ақпаны аралығында «Мектеп асханасы» атты республикалық алдын-алу іс-шарасы өтілуіне байланысты,  мектеп директорының бұйрығымен  осы акцияға байланысты комиссия құрылды. Комиссия құрамына: комиссия төрайымы мектеп директоры, комиссия мүшелері: оқу ісінің меңгерушілері, мектеп ата-аналар комитетінің төрайымы, медбике, шаруашылық меңгерушісі кірді.  Комиссия алдын-алу іс-шарасы өтілуіне байланысты жоспар құрды.

Комиссия мүшелері асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылайды, даярланған тамақтың сапасын сынаулары бойынша «Бракеражный журналға» күнделікті тағам мәзірі тексеріледі. Медик күнделікті ас мәзірін, және де 2 аптаға перспективалық мәзір дайындайды.

Оқушылардың тамақтануын жақсарту бойынша жүргізілген жұмыстар туралы сұрақтар мектеп директорының жанындағы кеңесте қаралады. Кеңесте демеушілердің қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау; білім беру мекемесінің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту туралы сұрақтар талқыланады. Тамақтану мәдениетін көтеру, санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтылды.

Ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіледі.

Мейірбике тамақтың құрамының сапалы болуы және даярланған тамақтың сапасын сынаулары бойынша бракераждық журналдар,  аспаздың денсаулығын тексеруге арналған журнал, мұздатқыштың температурасын тексеру журналдарын жүргізеді.

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.

Мектепте ыстық тамақпен қатар буфет те жұмыс істейді, мәзірде тоқаштар, бәліштер және шай мен компот бар.

Барлық алынған азық-түліктердің сапасы мен жарамдылық мерзімі туралы сертификаттары бар. Азық-түлік өнімдерді сақтайтын арнаулы жәшіктері бар складта сақталады.

 

        

 

Жаңартылған күні: 03.02.2020 09:36
Құрылған күні: 07.02.2020 08:42

Текст