"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019-2020 оқу жылында Тасты-Талды орта мектебінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

2019-2020 оқу жылында Тасты-Талды орта мектебінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары «Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет».

                                                                                                                Н.Ә.Назарбаев.

 

Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.

Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Осыған орай Тасты-Талды орта мектебінде  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде.

Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.

Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері: 1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.

2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.

3. Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.

Әр мұғалім білуі тиіс:

- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасын;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу.

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске» байланысты жүргізілген жұмыс түрлері

 Ақша жинауға жол бермеу мақсатында «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақшалай қаражат жинауға тиым салу туралы» бұйрығы  таныстырылып, арнайы бұрыш жасалды.

Мектептің 1-2-қабаттарында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс әрекеттер, ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде оқушылар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «сенім жәшігі» ілінген. Бұл жәшікке келіп түскен өтініштер мен хаттар апта соңында мектеп әкімшілігі және мектеп инспекторының қатысуымен алынып, жұмыс жүрізіліп, қаралады. Сонымен қатар, сенім телефондары жазылып, көрсетілген.

Қыркүйек айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыс жоспары жасалып, бекітілді.. «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбындаата-аналармен жиналыс өткізіліп, хаттамалары жазылды. Ата-аналардың бұйырықпен танысқаны туралы қолдары қойылды.

полиция капит Малеев Б оқушылармен, педагогикалық ұжыммен кездесу өткізіп, «құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың, бопсалаудың алдын алуда» жүргізіліп жақтан іс-шаралармен танысып, пікір алмасты.

Оқушылармен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында жиналыс өткізіп, жемқорлыққа арналған заңның орындалуын қадағалау туралы айтып өтті.

«Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында дебат, «Заң талабы заман талабы» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.

«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылып,10-11 сыныптар арасында ой толғау (эссе) жазылды.

Ата-аналардан сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады.

Білім беру ұйымдарында ата-аналардан ақша жинау туралы фактілерінің орын алуын болдырмау мақсатында мұғалімдермен, сынып жетекшілермен үнемі жиналыстар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіліп тұрады.

 

Жаңартылған күні: 22.05.2020 00:35
Құрылған күні: 22.05.2020 00:35

Текст