16.10.2026
Мектебіміздің жас математика мұғалімі 7 «Б» сыныбында «ЖИ-сәулетші» тақырыбында заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып, ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар жасанды интеллект пен GeoGebra бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланып, геометриялық есептерді шығарды, фигураларды модельдеді және алынған нәтижелерді талдады. Түрлі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттері, цифрлық сауаттылығы мен шығармашылық дағдылары дамыды.
Жас педагог дәстүрлі математикалық білімді инновациялық әдістермен тиімді ұштастырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білді.
Жаңашыл идеяларды тәжірибеге енгізіп жүрген жас әріптесімізге шығармашылық шабыт, кәсіби өсу және толағай табыс тілейміз!