14.11.2023 жылы «Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасына бракераждық комиссия құрамы мониторинг жүргізді.
Мақсаты: Бракераждық комиссия балалардың ыстық тамақпен уақытылы, қауіпсіз тамақтануын бақылау және асхана тазалығы мен тамақты дайындау кезіндегі қателіктерге жол бермеуін қадағалау.
Ең бастысы , тағам құрамында құнарлы дәрумендердің бай әрі пайдалы өнімдердің көбірек болуы қатаң қадағаланады.
Мониторинг барысында нормативтік құжаттардың сәйкес келуі, өнімдердің сақталу мерзімі, дайын тамақтың дәмі,түсі,көлемі,санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі тексеріліп,барлығы талаптарға сәйкес келетіндігі анықталды.