Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың дағдыларының кезең-кезеңімен даму үлгісі ұсынылады. Материалдар педагогтерге, тәрбиешілерге және ата-аналарға арналған.
1 жас
Сөйлеу тілін қабылдау мен эмоциялық жауап беру дағдылары дамиды.
«Болады», «болмайды», «қауіпті» сөздерінің мағынасын түсінеді.
Ересектердің көмегімен алғашқы өзін-өзі күту және қимыл-қозғалыс дағдылары қалыптасады.
2 жас
Сөздік қоры белсенді түрде кеңейеді: ойыншықтар, жемістер, заттарды атай алады.
Пішіні, түсі, көлемі бойынша ажыратуды үйренеді.
Қоршаған ортада бағдарлай алады, басқа балалармен қарым-қатынас орната бастайды.
3 жас
«Біреу», «көп» ұғымдарын түсінеді.
Қарым-қатынас дағдылары дамиды: әңгімелеу, рөлдік ойындар.
Өзін-өзі күту негіздері қалыптасады (киіну, тазалық сақтау).
4 жас
Заттарды әртүрлі белгілер бойынша (көлем, пішін, түс) реттеп орналастырады.
Сөздік қоры кеңейеді, өлеңдерді мәнерлеп айтады.
Мемлекеттік рәміздермен, табиғатта және қоғамда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерімен танысады.5 жас (мектепалды даярлық)Логикалық ойлау, графикалық дағдылар, қағаз бетінде бағдарлау қабілеттері дамиды.10-ға дейін тура және кері санауды біледі, заттарды салыстыра алады.
Жолда жүру ережелерімен, сандық қауіпсіздікпен, мемлекеттік рәміздермен және ұлттық дәстүрлермен танысады.
Педагогтер мен ата-аналарға әдістемелік ұсынымдар
Дағдыларды қалыптастыру үшін: түсіндіру, көрсету, бірге орындау және кейін өз бетінше орындауға мүмкіндік беру қажет.