«Ұлы даланың жеті қыры»жәнетарихи сана
Қазақ елінің тарихытереңнен басталатыны рас. Қазақ халқысақ дәуірінен бастап біртұтас мемелкетте құрған, патшаларымызда болған, әлемнің жартысын уысында ұстап,көне парсы, Византия,көне Рим елдерімен терезесі теңгеосаяси қарым – қатынастардаорнатқан. Біздің жазуымызда болған, оған дәлел әйгілі «Алтын адамның» жанынан табылған 26 әріп таңбасы бар күміс тостаған. Елбасыныңөзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді дейді. Расында қазір әлем жұртшылығы Корейдің тұрмыстық техникасын, немістердің сапалы машинасын күнделікті кең қолданамыз. Ал біздің ата – бабаларымыз әлемдік цивилизацияға не үлес қосты?
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында аталып өткенжайттарбарлығымектептің тарих бағдарламасында қамтылған.
Мақалада атапөтілгендей жылқыны қолға үйретуқазақ даласынан басталғанын ғылыми түрде В.Зайбертжан- жақты дәлелдеп берді. Жылқыны қолға үйрету Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылының маңынан табылған Ботай қонысынан басталады. Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы. Ал жылқыны қолға үйрету бүкіл адамзаттық өркениеттің алға дамуының қозғалтқышы болды.
Қазақ даласынан1970табылғанәйгілі «Алтын адам», кейінгі табылған алтын киімді адамдардың әшекейлері металл өңдеудіңжоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Жалпы қазақ даласынан 5 алтын киімді сақ патшалары табылды.
Бірнеше ғасырларды қамтыған отаршылдық нәтижесіндегі рухани күйзелістен кейін тәуелсіздігіне қол жеткізгенҚазақстанның қазіргі жағдайында ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру ең көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Кейбірбіздің тарихымызға күмәнмен қарайтынадамдар немесе қазақта мемлекет болмаған дейтіндер үшін ұлтымыздыңтарихы ауыз толтырып мақтанышпен айтатындай. Президент атап тұрып айтты ««Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе жоқ» деп.
Сондықтан мектепте Отан тарихын оқытқанда басқа елдің тарихын ауызымыздың суы құрып айтатынымыздай өз еліміздіңтарихынжас ұрпақтың жетесіне жеткізе білуіміз қажет. 300 жылға жуық отарлық кезең қазақтардың тарихи санасын адастырып жіберді деседе болады.
Қазіргі мектептегі Қазақстан тарихы бағдарламасында, жаңа буын оқулықтарындаПрезидент атап көрсеткен Ұлы даланың жеті қырыкең түрде көрсетілген.Ал оны жас ұрпақтың санасына жеткізе білу әр тарих пәні мұғалімдерінесын. Тек қана тарих пәні мұғалімдері ғана емес, мектептің тәрбие жүйесінің негізі болуы қажет.
Қазақстан тарихы оқулығында 5 сыныптан бастап ата - бабаларымыздың әлемдік өркениетке қосқанүлесі, жылқыны алғаш қолға үйрету, атты ертеп міну үшін үзеңгі мен ауыздықтың ойлап табылуы, көшпенділердің түркілердің Ұлы Жібек жолын бақылауда ұстауы бәрікең түрде оқытылады.
Сонымен қатар елбасы тарихи сананы қалыптастырудакино өнерініңорынын ерекше атап өтеді: «Қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады. Жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады. Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек». Осы жерде атап кететін жайтжақында елімізде «Томирис» атты сақтар патшайымы Томирис туралы кинофильмінің түсірілуі аяқталды. Осы киноны аудан, ауыл көлемінде жастар арасында кең насихаттау керек. «Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап түсірген 10 сериялы кинофильм бар. Мысалы сақтайпаларының бір тобының гректерше атауы хауомаварга сақтары дейді, ал ол атауды қазір арақтың белгілі маркасына айналдырып жіберген. Тарихымыз арақтың атауына айналмау керек еді.
Өз елінің тарихын мақтанышпен айта алатын, өз тарихын терең білмеседе жете білетін ұрпақ қана өз елінің патриоты бола алады. Ал өз тарихын, төл тарихын менсінбейтіндер немесе білгісі келмейтіндерелі үшін, жері үшін жаны ауырмас без бүйрек болады.
Тасты Талды орта мектебінің тарих пәні мұғалімі А.Мухамажитов