30.10.2025
«Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің негізгі мақсаты – бірінші тоқсан бойынша оқу үлгерімін және білім сапасын талдау, оқу процесінің нәтижелерін сараптау болды.
Бірінші мәселе бойынша мектеп директорының оқу ісінің орынбасарлары Мурзабекова Г.З мен Оспанова Л.В. оқу жылының алғашқы тоқсанындағы оқу үлгерімін, білім сапасын және сыныптар бойынша көрсеткіштерді атап өтті. Әсіресе 5–11-сыныптар арасындағы жалпы үлгерім деңгейі мен пәндер бойынша білім сапасына ерекше назар аударылды.
Екінші мәселе ретінде Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңін ұйымдастыру және өткізу мәселесі қарастырылды. Мұғалімдерге олимпиаданы жоғары деңгейде өткізу, оқушыларды ынталандыру және дарынды балалармен жүйелі түрде жұмыс істеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Үшінші сұрақта «Адал азамат, адал еңбек, адал ұрпақ» бағытындағы негізгі құндылықтар арқылы мектептің тәрбие жұмысын күшейту мәселесі талқыланды. Тәрбие ісінің орынбасары Есенгазина Л.Ш. мұғалімдердің оқушылар арасында адалдық, жауапкершілік және еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыту жолдарын ортаға салды.
Төртінші сұрақ «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына байланысты кәсіби бағдар беруші Конкулова Қ.Р келесі жәйттарды қарастырды. Бұл бағытта еңбекке баулу, кәсіби бағдар беру, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын насихаттау және оқушыларды еңбекке баулу шараларын ұйымдастыру қажеттігі айтылды.
Бесінші сұрақта жасанды интеллекттің мұғалім өміріндегі рөлі мен оны қолданудың пайдасы жөнінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Громина В.А өз тәжірибесінен практикалық түрде көрсетіп, бөлісті. Педагогтар жасанды интеллекттің оқу-тәрбие процесінде тиімді құрал ретінде пайдаланылуы, уақытты үнемдеу және оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесетіні туралы пікір алмасты.
Педагогикалық кеңес қорытындысында барлық бағыттар бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақыттағы жұмыс басымдықтары айқындалды.