07.11.2025
Мектепте негізгі пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өтуде
Олимпиаданың басты мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және дамыту.
2025 жылғы 3–14 қараша аралығында «Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де негізгі пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтуде.
Бұл шараның мақсаты – қабілетті, білімге ынталы оқушыларды анықтап, олардың танымдық белсенділігін арттыру және білім сапасын көтеру.
Олимпиада келесі пәндер бойынша ұйымдастырылуда:
Қазақ тілі мен әдебиеті
Орыс тілі мен әдебиеті
Математика
Жаратылыстану
География
Биология
Пән мұғалімдері тапсырмаларды мұқият дайындап, әділ және ашық өткізуді қамтамасыз етті.Оқушылар өз білімдерін, ынтасын және қызығушылығын көрсетуде.
Жеңімпаздар аудандық кезеңге жолдама алып, мектеп намысын қорғайтын болады.
Барлық қатысушыларға сәттілік пен шабыт тілейміз!