"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп пен отбасының тиімді өзара іс-қимылы — баланың табысына бастар жол

23.10.2025

Бүгін Жарқайың аудандық білім бөлімі ұйымдастырған педагогикалық қызметкерлердің аудандық форумы өтті.
Форумның мақсаты – тәжірибе алмасу, қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылау және білім беру үдерісінің барлық қатысушылары арасындағы тиімді өзара ынтымақтастықтың жолдарын іздеу болды.

Форум жұмысы бағыттар бойынша секцияларға бөлініп өтті.
Бастауыш сынып мұғалімдері секциясында біздің мектептің педагогі — бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Любовь Владимировна
«Мектеп пен отбасының тиімді өзара іс-қимылын қалыптастырудағы мектептің серіктесі ретінде ата-аналар қауымдастығы» тақырыбында баяндама жасады.

Өз сөзінде Любовь Владимировна мектеп пен ата-аналар арасындағы серіктестік қатынастарды дамыту тәжірибесімен бөлісті, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда табысқа жетуге ықпал ететін бірлескен іс-шаралар түрлерін ұсынды.
Сонымен қатар отбасы мен мектеп арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың нақты мысалдарын келтіріп, өз тәжірибесіндегі үздік әдістерімен бөлісті.

Форум педагогтар үшін кәсіби тәжірибе алмасудың, жаңа идеялар мен ынталандыру алаңына айналды. Ол мұғалімдерді ата-аналармен және оқушылармен өзара іс-қимылдың жаңа, тиімді тәсілдерін іздеуге шабыттандырды.

Просмотров: 22


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст