"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Теңге — Тәуелсіздіктің тірегі»

13.11.2025

15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай, 5–6 «А» сыныптарында «Теңге — Тәуелсіздіктің тірегі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық валютамыздың тарихы мен маңыздылығы туралы білімдерін арттыру, қаржыға ұқыптылық пен үнемшілдік дағдыларын қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар теңгенің шығу тарихымен, оның ел тәуелсіздігімен тығыз байланысымен танысты. Оқушылар өз қолдарымен «Теңгенің тарихы» атты ақпараттық постерлер әзірлеп, «Ақшаны ақылмен жұмса!» атты жағдаяттық тапсырмаларды орындады, сондай-ақ «Менің болашақ теңгем» атты шығармашылық жұмыс арқылы теңгенің жаңа дизайнын ұсынды.
Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қаржылық сауаттылығын дамытуға бағытталды және өз мақсатына жетті.

 

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст