"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі"

11.12.2017

"Үш тілді

меңгеру – жарқын болашақтың кепілі" 

Нуралина А.Т. Тасты- Талды орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі

         Халқымызда ежелден тіл абыройын биік көтеріп, әдетте тіл жөнінде, ол белгілі бір ұлттың ұлттық

сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген. Осы орайда біздің  Тасты- талды орта мектебінде «Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» атты тіл апталағы болып өтті. Апталықтың негізгі мақсаты: «Әр білім алушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау. Көптілді

меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік  және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру» болды.

Тіл апталығы өте жоғары дәрежеде өтті.  Мектебіміздегі тіл мұғалімдері ерекше белсенділік танытып, әр түрлі формада ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Барлық өткізілген іс-шараларға оқушылар жауапкершілікпен

белсенді түрде атсалысты.

      Апталықтың ашылуы дүйсенбі күні лездемеде жарияланып, өз бағыты бойынша апта бойы жүргізілді. Апталықтың пердесі қазақ

тілі, орыс тілі және  ағылшын тілдерінен дайындалған қызықты сөзжұмбақтар мен ребустар болды. Сол күні 5 «А» сыныбында

Қазақстан тарихы пәнінен пән мұғалімі Мухамажитов А.З. «Көшпелілердің дүниетанымы мен салт-дәстүрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Жаңартылған білім бағдарламасы мазмұнында жоспарланған сабақ өте қызықты, тартымды болды.  Пән мұғалімі әдіс- тәсілдерді

шебер қолдану арқылы өз мақсатына жете білді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қожамжаров А.Ж. 8-10 «А» сыныптары арасында «Білімді мыңды жығар» сайысын ұйымдастырса, 5-7 «А» сыныптары арасында  пән мұғалімі Нуралина А.Т. «Қазақ тілінің білгірі» зияткерлік ойынын өткізілді. Өткізілген іс-шаралар оқушыларға қазақ тілінің грамматикасымен қатар, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпынан мол

мағлұмат алтындай тәлім мен тәрбиені қамтыды.

Әрбір адам өз туған халқының, өзі өмір сүретін елдің тілін білу қажеттігі – ертеден келе жатқан қағида. Алайда, жаһандану қалыптасқан осы қағидаға түзетулер енгізуде. Қазіргі кезде халықаралық қатынас тілін білу қажеттігі

туындап отыр.

Бұл біздің жастарымыз үшін аса қажет. Осы мақсатта ағылшын тілі пәні мұғалімі  В.Н.Доспаева 

5-8 «А» сыныптары арасында  «Yes or No» ойынын ұйымдастырды. Ойынның мақсаты- оқушылардың тілді меңгеріп оқуды,

жазуды, сөйлеуді, бір тілден екінші тілге аударуды, біліктілікті үйреніп, басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашатын, яғни басқа халықтармен қарым – қатынас жасауға мүмкіндік туғызатынын туралы болды. Ойын

қызықты екі топ арасында тартысты өтті.

Жалпы алғанда тіл саясаты, оның ішінде үш тілде білім беруде жаңа қадамдарға барудың тиімділігі көп. Бұл арқылы өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына және әлемдік мәдениет пен көзқарасының қалыптасуына тизігер септігі баршылық екені айтылды.

Апталықтың соңғы күні іс-шараға қатысқан барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

Просмотров: 382

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст