"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету. Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры есебінен тегін тамақ ұйымдастыру туралы

13.02.2020

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры

есебінен тегін тамақ ұйымдастыру туралы

 

Оқушылардың өсіп отырған психоэмоциялық жүктемелері оқушылардың денсаулықтарын нығайту және сақтауды басты міндет етіп отыр. Ресми статистика мұндай көрсеткіштің төмендеп бара жатқандығын дәлелдейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтер бойынша 90 пайызында денсаулық жағдайының түрлі деңгейдегі ауытқушылықтары, 40 пайызында созылмалы аурулар бар. Оқушылардың тек қана үштен бір бөлігінің денсаулығын дұрыс деп есептеуге болады. Есте сақта қабілетінің төмендеуі, оқу күнінің соңына қарай ойын жинақтау алмауы –қалыпты жағдай болып отыр. Балалардың көпшілікбөлігі тез ашуланшақ, физикалық әлсіреңкіәлігімен ерешеленді. Мұндай жағдайлардың себептері көп: бұл әлеуметтік мәселелер, жекелеген мектептердегі ұтымсыз академиялық жүктеме, нашарлап бара жатқан экология, толыққанды тамақтанбау, гиподинамия және т.с.

Сондықтан ,Қордың қаражатын ең алдымен бағыттау қажеттілігі-бұл оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру.

Көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан, жетім және қамқорлықтағы балалар үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастыру туралы мектеп директоры атынан мектеп асханасынан жалға алушылармен шарт жасалады. Тубдиспансердің ұсынымы , мектеп дәрігері және медбикенің баянхаты және қолдауқатының негізінде оқу жылының ішінде химиялық препараттарын алатын тубвиражды оқушыларды тамақтандыру жолға қойылады.

Оқушылардың тамақтануына бөлінетін қаражат келесі айдың бас кезінде нақты күндер бойынша мектеп асханасын жалға алушылардың шотына аударылады. Тамақтану мектеп директорымен бекітілген ас мәзірі және кестесі бойынша жүргізіледі. Ыстық тамақтың сапасы және ұйымдастырылуына бақылауды медбике , директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары, Жоғар сыныптағылар кеңесінің мүшесі, жалпы мектептегі ата –аналар комитетінің өкілі ,әлеуметтік педагог және сынып жетекшілері жүзеге асырады. Айдың аяғында мектеп комиссиясы және асхана өкілдерімен тамақтану есебінің табелі бойынша күндер саны есептелінеді.Сонымен бірге, оқушылардың сабаққа келуі және тамақтануына сынып журналымен салыстырыла отырып , тексеру жүргізіледі.

Қаражаттың қалған бөлігі жазғы каникул кезінде мектеп жанындағы лагерде аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, жетім, қамқорлықтағы оқушыларды тамақтандыру төлеміне аударылады. Тамақтандырудың есебі және бақылау оқу кезеңінде де жүргізіледі.

 

 Дәрігер кеңесі

Денім сау болсын десеңіз… 

— Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар мидың дамуына, ойлау қабілетінің жақсаруына және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Яғни баланың сабақ үлгерімі жақсы болуына дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Егер бала құнарлы тамақтанбаса, ағзада метаболизм, зат алмасу бұзылып, әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

Дұрыс тамақтанудың бес негізі бар. Тамақ құрамында негізгі қоректік заттар — нәруыз, май, көмірсу болуы тиіс. Бұл — бір. Екіншіден, тамақ рационында витаминдер мен микроэлемент болуы керек. Үшіншіден, тамақ нәрлілігі адамның  жасына, денсаулығына, ауа райына байланысты болғаны жөн. Төртіншіден, тәулік бойы тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау қажет. Бесіншіден, тамақтану санитарлық-гигиеналық талаптараға сай болуы тиіс.
Айта кету керек, тәулігіне бір, екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі бір мөлшерде үш-төрт рет тамақтану керек. Сонымен қатар тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болғаны дұрыс. Әсіресе, организмге жануар белоктарының маңызы

зор. Жануар белогы жалпы белок мөлшерінен 50  пайыздан кем болмауы тиіс. Жануар белогы  жетіспесе, балалардың жұмысқа қабілеті төмендеп, тез шаршап, оқу үлгерімі  нашарлайды. Тәуліктік рационда картоптан  бөлек түрлі көкөніс, жеміс-жидектердің жалпы мөлшері 400 грамм болуы керек. Күн сайын сүт және сұйық ашыған сүт өнімдері 500 миллилитрге жуық болуы қажет. Сонымен қатар бала апта бойы жарма түрлері мен  ет, балық, жұмыртқаның қажетті мөлшерін қабылдауы тиіс.

Жасөспірімдердің тамақ нәрлілігі мен құрамы талапқа сай болуы керек. Балалардың тамақтарының құрамында тәулігіне 80-100 грамм нәруыз, 100 грамм май, 380 грамм көмірсу болғаны жөн. Нәруыз — сүттің, дәнді дақылдардың, етттің, салаттың, картоптың; майлы заттар — майдың, жұмыртқаның, сүттің; минералды тұздар мен микроэлементтер — шайдың, шырынның, компот және жеміс-жидектердің құрамында болады.

Мектепте оқушыларға  міндетті түрде  ыстық  тамақ  берілу қажет. Жоғары  сынып оқушылары  мектепте 5-6  сағаттан, егер үйірме, секцияларға және басқа қосымша сабақтарға  қалатын болса, одан да көп  уақыт  болады. Сөйтіп, ертеңгілік  тамақ  пен  түскі  астың арасындағы  үзіліс 7 сағатқа, тіпті  одан да  көпке  созылып  кетуі  мүмкін. Бутерброд, бәліш, тәтті  тағамдар  ыстық асқа деген ағзаның  қажеттілігін  өтей  алмайды. Құрғақтай  тамақ  жеу зиян. Мектепте  дұрыс  ұйымдастырылған  тамақтану оқушының  үлгерімі  мен  жұмыс  қабілетінің артуына   жәрдемдеседі.

Таңертеңгілік  ас қою, тығыз  болғаны дұрыс. Түскі  аста негізгі  тамақ қабылданады. Кешкі  ас калориялылығы  жөнінен таңертеңгілік аспен бірдей болуы керек. Кешкі ас ұйықтардың алдында кем дегенде 1,5-2 сағат  бұрын ішілу керек. Әйтпесе, ас қорытуды қиындатады, май  жиналуы мүмкін. Ұйықтар  алдында  бір  стакан айран ішкен  пайдалы.

Қазір қыс мезгілі. Қыста ағзаның иммунитетін сақтап, суықтан қорғайтын көп күш қажет. Ол үшін мына кеңесті еске сақтау артық етпейді.

B тобының дәрумендері күш береді және жүйке жүйесіне жақсы ықпал етеді. Бұл топтағы дәрумендер көкөністерде, жаңғақта, балық, қызыл ет, қара нан, тары мен қоңыр күріш құрамында бар.
C  дәрумені жұқпалы инфекция ауруларымен күреседі, қышқылға қарсы құнды дәрумен. Олар цитрус жемісінде, қырыққабат, ақжелкен, мүкжидекте бар.
D3 дәрумені кальцийдің сіңірілуіне қажет. Кальций сүтте, маргаринде, теңіз балығында, жұмыртқаның сары уызында және бауыр құрамында бар.
Мырыш суықтан қорғап, төзімді етеді.  Бауыр, ет, теңіз тағамдары, тары, ашытқы, асқабақ, күнбағыс тұқымы, күнжіт тұқымы мен жұмыртқа құрамында бар.
Магний бұлшық еттеріне, қан тамырларына, денсаулыққа маңызды элементтер мен асқорытуға әсер етеді. Магний арпада, бананда, жапырақты көкөністерде және қара шоколадта бар.
Селен вирустармен күреседі. Селен нан, бауыр, теңіз тағамдары, қызылша, брокколей, бидай, пияз және жұмыртқа құрамында бар.

                                                                                                Медбике:  О.Хамзина

Просмотров: 390


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст