12.11.2024
1 «Б» сыныбында «Төтенше нөмірлер» тақырыбында жеке қауіпсіздік туралы сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: нөмірлерді білу және жедел телефон нөмірлерін дұрыс пайдалану.
Негізгі міндеттер:
Төтенше жағдай кезінде әрекет ету үшін қажетті телефон нөмірлерімен таныстыру.
Жедел қызметтерді қашан шақыру керектігін түсіндіру.
Төтенше жағдайда операторға ақпаратты дұрыс және анық жеткізуге үйрету.
Ұлттық валюта күніне арналған «Теңгенің жасалу тарихы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Қазақтын ұлттық валютасы-теңгенің жасалу тарихын, оның адамзаттың тарихи дамуындағы қолданылуын және әр мемлекетте өз ұлттық валютасының болуы туралы айту.
Оқушылар ұлттық валютаның шығу тарихымен және оның авторларымен танысты, сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап берді.