12 мамыр күні облыс орталығы Көкшетау қаласында Ақмола ішкі істер саясаты басқармасының ұйымдастыруымен "Тіл шебері -2023" байқауы өткізілді. Байқауға 13 білім ұйымынан 35 жасқа дейінгі талантты әрі дарынды жастар қатысып, 3 кезеңнен сүрінбей өтті.
Байқау шарттары: 1) "Тілтаным" үш тілде таңдаған тақырып бойынша 2 минут уақыт ішінде еркін сөйлеу.
2) "Сөзтаным" 2 минут уақыт ішінде берілген қазақ тіліндегі әдеби үзіндіні орыс, ағылшын тілдерінде ауызша айту.
3) "Ойтаным" мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында бейнеролик көрсету. (2 минут)
Бірінші кезеңде тарихи тұлғалар, Қазақстан тарихнамасындағы ерекше оқиғалар, арнаулы мерейтойлар ,яғни, Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл, Ақан серінің 170 жылдығы,Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы, сонымен қатар әлеуметтік мәселелер: Жемқорлық, Тіл мәселесі, педагог мамандардың жетіспеушілігі, цифрлық Қазақстан, Инновация және т.б.
Аудан атынан "Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің" ағылшын тілі пәні мұғалімі Доспаева Венера Нурлыбековна қатысып, алғыс хатпен 30 мың теңгені құрайтын сертификатты жеңіп алды.