Текст
Ақпан айының 01-13 күндері аралығында жаратылыстану математикалық бағыттағы пәндер апталығы басталды. Математика пәні мұғалімі Коляденко О.Г "Ақыл ойдың негізі -математика" атты 5 "Б" сынып оқушылар үшін қызықты викториналық ойын ұйымдастырды. Ойында оқушылар математика пәні бойынша өз білімдерін көрсетіп, сұрақтарға жауап берді.
Математика және физика пәні мұғалімі Мурзабекова Г.З "Математикалық сағат" атты 6 "Б" сыныбында ұшқырлы іс -шара өткізді. Жоспар бойынша педагог құрылған мақсаттарға қол жеткізді. Оқушылардың пәнді оқып білуде қызығушылықтары өте жоғары, сабақта алған білімдерінің арқасында өткізілген іс -шара өте тартымды өтті.