Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні мен Тәуелсіздік күніне орай Тасты-Талды орта мектебінде өткізілген
іс-шаралар туралы ақпарат
1 желтоқсан күні мектеп кәсіподақ белсенділері штаттық режимде барлық қызметкерлер мен жұмыскерлерді ҚР Тұңғыш президенті күнімен құттықтап, «Ұлы даланың жеті қыры» атты фильмді интерактивті тақтамен көрсетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазаұстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап, еліне, халқына жасаған еңбектері туралы айтылды. Мектеп кітапханашымен бірлесе отырып, кәсіподақ ұйымы белсенділері «Елбасы-тарихи тұлға» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Іс шараны қортындылау мақсатында, мектеп директоры Мукамажитова К.З құттықтау сөз сөйлеп, мектеп ұжымына жылы лебіздерін білдірді.
ҚР Тәуелсіздік күніне орай метеп кәсіподағы ұйымының төрайымы Доспаева В.Н және кәсіподақ белсенділері мектеп ұжымын құттықтау мақсатында шағын видеоролик түсірді, видеоролик мазмұны: «Желтоқсан желі ызғарлы» атты тарихтың үзіндісі көрсетіліп, бір минуттық үнсіздік жарияланып, қандай ерлікпен әрі қиындықпен тәуелсіз ел болғанымыз туралы айтылды. Роликтің соңында құттықтау сөздер айтылып, «Көк тудың желберегені» патриоттық әні қосылды. Сонымен қатар, осы роликтің қортындылау үшін барлық қызметкерлер мен жұмыскерлерге «Мен нағыз патриотпын, себебі..» деген логикалық сұрақ ұсынылды.