Текст
Тасты-Талды орта мектебінің 5 сынып оқушылары РБҰ "Жас Қыран және Жас Ұлан" ұйымы қатарына қабылданды, барлығы 19 оқушы ант беріп, ұйымның ережелерімен және міндеттерімен танысты. Салтанатты жиын ҚР-ның мемлекеттік гимнімен басталып, мектеп директоры Мукамажитова К.З-ның құттықтау жылы лебізімен жалғасты. Оқушыларға ұйымның көк түсті галстуктары тағылды.