Текст
"Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-ні "Өсу нүктесі" бойынша жұмыс жоспарына сәйкес магнитті мектептермен, "Шойындыкөл ауылының ОМ"КММ, "Зерноград ауылының ОМ"КММ және "Бірсуат ауылыынң ЖОББМ" КММ пед.ұжымдарымен ZOOM арқылы кездесу өтті.Есенгазина Ляззат Шукировна «Электронды күнделік» арқылы оқушыларға үй тапсырмасын бекіту туралы нұсқаулықтармен бөлісті. Маңыздылығы: оқушылардың күнделікке кіру белсенділіктерін арттыру және қашықтан тапсырма берудің оңтайлығы. Ол үшін күнделік платформасындағы «kundelik lessons» бөлімін пайдалану ұсынылды. Және пайдалану жолдарын көрнекі түрде көрсетті.