Текст
Бүгін, мектеп директоры К.Мукамажитова мен мектеп психологы Громина Н.И. мектеп ұжымына педагогикалық этика туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі – педагогикалық әдеп, мұғалімнің этикасы және мәдениеті екеніне баса назар аударылды. Мектепте педагогикалық әдепті, этика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті және сөйлеу мәдениеті, мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбеті, жеке фотосуреттер мен бейне жазбаларды көпшілік алдында жариялау кезінде этикалық нормаларды сақтау туралы толық түсіндірілді.
Педагогикалық әдептің көрсеткіштері: өзін-өзі және баланы құрметтеу, балаларды жақсы көру, өзара сыйластық және қолдау көрсету, мейірімділік.