Доспаева Венера
Нурлыбековна «Рухани жаңғыру -болашаққа бағдар»
атты 5-7 «А» сынып оқушылары арасында тәрбие сағатын
өткізді.
Тәрбие сағаты
интеллектуалды ойын түрінде өткізіліп, сабақта түрлі әдістер мен формалар
қолданылды. Мұғалім оқушыларға «Рухани жаңғыру» атты фильм көрсетіп, оның
негізгі стратегиялалы туралы түсінік берді.
Оқушылар сабақта
екі топта жұмыс жасады. Латын әліпбиін қолданып, өздерінің сүйікті өлең
жолдарын латын әліпбиінде жазды. Сондай-ақ, оқушыларды ұлттық «100 жаңа есім»
жобасымен таныстырып, ауыл тұрғындары ішінен осы жобаға қандай тұлғаны
ұсынасың? деген ой шолу өткізілді. Оқушылар «Менің болашақ мамандығым», «Менің
ауылым болашақта» деген тақырыптарда постер қорғап, өз ойларымен бөлісті.
Орындаған:
Доспаева В.Н.