ҚАР ҚАЛАШЫҒЫ КӨЗ ҚУАНТАДЫ
Тәрбие жұмыстарын одан әрі дамыту аясында, жыл сайын мектебімізде жаңа жыл қарсаңында қардан мүсіндер жасау әдетке айналды.Оқушылардың барлығы қыстың суығына қарамастан,бір кісідей атсалысты. Балалар өздерінің ойындағы қиялын шығармашылығымен ұштастырып,қардан әртүрлі мүсіндер жасады. Қардан жасалған түрлі бейнелер көздің жауын алады. Бейне бір ертегілер елінде жүргендей сезінесің. Өткен-кеткен жанның бәрі де қызықтап,
суретке түсіп жатты.Өз істерінің рақатын көргендей балаларда мәз. Қардан жасалды демесеңіз әдемі мүсіндер мектеп алдының сәнін келтіріп-ақ тұр. Әттең, осынша еңбекпен жасалған дүниенің күн жылынса болғаны, еріп кететіні өкінішті.
Қар қалашығы оқушыларымыздың бойына шығармашылық ой өрісін, қиялын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында салынды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: А.Какимжанова