Текст
Бүгін бастауыш сынып мұғалімі Какимжанова Айгүл Теміржанқызы білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары, кәсіби шеберліктері, педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін Ақмола облысы білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.
Химия және биология пәні мұғалімі Нурмаканова Светлана Толеубаевна және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрғазина Меруерт Естайқызы білім беру саласының өркендеу жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін Жарқайың аудандық білім беру бөлімінің мадақтама грамотасымен марапатталды.