"Қазақстан кәсіподақ салалық білім және ғылым саласы Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысының" Жарқайың ауданы филиалының кезектен тыс XII есеп беру-сайлау конференциясы 16 қыркүйек сағат 15 .00-де Zoom платформасы арқылы өтті.
Бұл конференцияға "Қазақстан кәсіподақ салалық Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысы білім және ғылым саласы" төрағасы Абдрахманов Бейсенбай Кадырович;
Ақмола облысы кәсіподақ салалық маманы Есимова Жулдыз Каиркеновна;
Жарқайың ауданы кәсіподақ ұйымдары төрағалары мен төрайымдары;
Жарқайың ауданы білім саласының кәсіподақ төрайымының міндетін атқарушы Рабец Л.Н өткен жылда жасалған жұмыстарға есеп берді.
Бұл конференцияға Жарқайың ауданы білім саласының кәсіподақ төрайымы қызметіне барлығы 4 үміткер қатысты және сайлау бағдарлама жұмысымен таныстырды.
Көпшіліктің қолдауымен үміткерлер ішінде ең жоғары дауыс жинаған Садвакасова Роза Исламбековна Жарқайың ауданы білім саласының кәсіподақ төрайымы қызметіне тағайындалды.