Тіл мәртебесі – ел мерейі.
Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады.
«Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Осы мақсатта біздің Тасты-Талды орта мектебінде Қазақстан Халықтарының Тілдері күніне арналған онлайн іс-шаралар жоспары бекітіліп, бағдарлама бойынша жүзеге асты. Бұл іс-шараларға мектебіміздің тіл мамандары, бастауыш сынып мұғалімдері мен сынып жетекшілері жұмылдырылды.
4-қыркүйек күні Қазақстан Халқының Тілдері күні онкүндігінің ашылуына бейнебаянды ӘБ жеткшісі Акбасова М.Т. ұйымдастырса, Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туған күніне орай ағылшын тілі пәні мұғалімі Доспаева В.Н мен бастауыш сынып мұғалімі Әнуаров Ш. ашық сабақтар өткізді.
А. Құнанбайұлының 175- жылдығына арналған өлеңдер байқауын қазақ тілі пәні мұғалімі Жүнісова М.Ш және орыс тілі пәні мұғалімі Украинец Т.И. Абай әндерінен челлендж жасады. Бастауыш сынып мұғалімдері «Гүлдене бер, менің-Қазақстаным» атты сурет сайыстарын өткізсе, мектеп кітапханашысы Жылқыбаева З. «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Тіл мамандары Есенғазы Э.К мен Нұрғазина М.Е. «Атадан қалған асыл сөз» тақырыбында мақал-мәтелдер сайысын жүргізді.
Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әр адамның бойына, ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында: «Тіл-ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген. Тілдің көмегімен өнерді, білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. өзіміз танып қана қалмай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. әлемді танимыз. Мемлекеттік тіл- ұлтаралық татулықты орнықтыратын қатынас тіліне айналады деген сенімдемін.
Нуралина А.Т-Тасты-Талды орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі.