Ақмола облысы «БАҰорталығы» ұйымдастырған Жарқайың ауданы педагогтарына арналған вебинар қашықтан өткізілді. Ақмола облысы бойынша «БАҰО» АҚ аға оқытушысы Самуратова Рауза Тукеновна өте жоғары дәрежеде ұйымдастырды.
Қашықтан сабақ өткізу кезінде түрлі тиімді платформаларды қолдануды ұсынды:1-4 сыныптар үшін: Microsoft teams, Zoom, Google classrom, Kundelik.kz,т.б. Ал, 5-11 сыныптар үшін: Discord, Youtube, Skypesabak, aitube.kz, daryn.online.kz, Bilimland.kz, Kundelik.kz. Мұғалімнің қашықтан сабақ беру кезінде міндетті түрде: мұғалімнің сыртқы келбеті, әсіресе, классикалық киім үлгісін сақтау керек. Екіншіден, мұғалімнің дауыс ырғағы дұрыс әрі анық болуы тиіс.
Сабақтардың резерв көшірмесі болуы тиіс.
Сабақ құру кезінде екі оқу мақсатын құру ұсынылды. Қашықтан оқытатын сабақ жоспарының үлгісі ұсынылды.
Оқушылар интерактивті сабақтарды алдын ала орналыстырылған арнайы интернет платформалардан алады.Мұғалім оқушының жұмысын үйлестіреді.
Өткізілген вебинар біздің педагогтар үшін өте пайдалы және жаңа оқу жылына жемісті болады деген сенімдеміз.