Әлем таныған ұлы Абай -қазақ поэзиясының тәңірі, ұлы ақыны. биыл ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толды. Абай атамыздың шығармашылығы -даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі болып табылады. Ол- қайта тумас бір әлем. Абайды жаңа ұрпаққа , әр адамға, бүкіл адамзатқа танытуға ұмтылу- бұл біздің борышымыз. Ұлы Абай атамыз адамдар мен халықтар арасындағы татулықты дәріптеді, адамзатты әділеттілікке, шыншылдыққа шақырды.
Ұлы Абай үні, тынысы - бүгінгі кезде теңдік алып, жеке ел атанған, басқа елдермен терезесі тең кең байтақ Қазақстанымыздың, қазақ елінің тынысы.
бүгінгі күнде Абай атамыз жарқын бейнесімен , артына өсиет етіп қалдырған жырларымен, нақыл сөздерімен бізбен бірге жасасып келеді. Ұлы Абай жас ұрпақты имандылыққа , адмгершілікке үйренуге, қайырымды рақымшылық жасауға әркімді өзінің еткен әр күніне есеп беруге, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды. Елді өркениетке жеткізген жалғыз жол - оқу білім екенін жастарға түсіндірді. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретті.
Мақаланың авторы: Мукамажитова Күлжамилә Загпаровна