Текст
Тасты-Талды орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Ким Татьяна Витовна облыстық кәсіподақ ұйымдастырған "Жеңіс әнін шырқаймыз" атты байқауға қатысып, грамота мен сыйлыққа ие болды. Татьяна Витовна Мәскеу қаласында өткен ғылыми жобалардың жеңімпазы, "Білім үздігі" белгісі иегері, өз ісінің шебері,Республика көлемінде еңбегі сіңген жас ұрпаққа білім беруші үздік педагог. Әріптесіміз қашықтан өткен байқауда "Журавли" әнін өте жақсы орындап, үздік орындаулардың қатарына енді. Осындай құрметті педагогтардың ауылдық мектепте білім беріп, еңбек еткені үшін біздің алғысымыз шексіз.