01.05.2020
Ақмола облысының "Әдістемелік оқу кабинетінің " жаңа технологияларды қашықтықтан оқыту және тәрбие беру процесінде жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарында "Менің отбасым- менің қорғаным" атты челендж ұйымдастырды.
Бұл іс-шараға біздің мектеп оқушыларының отбасылары өте белсенді қатысты.
Оқушылар ата-аналарымен бірге түрлі видео/слайд жобалар әзірледі, оқушылар өз ата-анасы,бауырлары туралы үлкен мақтанышпен әңгімеледі.
Бірнеше видеочелендж болса,сондай бірнеше жарқын идеялар болды.
4 сынып оқушылары Ағыбай Самат пен Ерханова Азиза өз отбасы жайлы ерекше видео дайындаса, 3 сынып оқушысы Құрманғали Марьям креативті идея мен әзірлеген.
3"Б" сынып оқушысы Жуковицкая Карина отбасы туралы әңгімесінде сынып жетекшісін Алпысбаева М.Д жақсы көретінін үлкен мақтанышпен айтты.
Ия, бұның бәрі ата-аналардың үлкен еңбегі деп айтуға болады.