06.03.2024
«Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
аудандық физиктер саминары өтілді. Семинар тақырыбы: «ЕБҚ балаларымен жұмыс істеуде қысқа мерзімді жоспарлар құру».
Семинарды «Валиханова ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мектеп психологы Аманбаева Жансая Эмеркановна эмоционалдық көңіл-күйді көтеріп, нәтижелі жұмыс жасауға бағытталған тренингтік жаттығуымен ашты.
Математика және физика пәнінің мұғалімі, педагог-эксперт Мурзабекова Гулмира Загыперовна таныстырылым бойынша аталған тақырыптың нормативтік құжаттар тізбесімен таныстырудан бастап, қолданылатын жұмыс түрлерін келтіре отырып,ҚМЖ мысал көрсетті, оны практикалық тапсырмалармен бекітті. Жұмыс барысында әртүрлі жұмыс түрлері, онлайн платформалар көрсетілді.
«Өмірлік негізгі білім беретін мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі педагог-эксперт Амиргазина Толкын Мукатовна 7 «А» сыныбында
«Механикалық жұмыс. Қуат» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында деңгейлік есептер шығарылып, қызықты тәжірибе көрсетілді, үй тапсырмасын сұрау мен сабақты бекіту кезеңінде онлайн платформалар қолданылды.
Семинарды Зерноград мектебінің психологы Овчарова Ольга Юрьевна минитренингпен аяқтады.
Аудандық семинар жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.