10.04.2020
ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың тапсырысымен бүкіл Республика мектептері қашықтықтан оқытуға көшті.
Осыған байланысты 6 сәуірден бастап біздің мектеп педагогтары қашықтықтан оқытуда тиімді әрі қолжетімді платформаларды қолдануды үйренді. Оқытуда нәтижелі платформалар: Daryn.online, opic.kz, Bilimland,kundelik.kz.
Аптаның оқу процесінің нәтижесінде ата-аналар да, оқушылар да , педагогта қашықтықтан оқытуға бейімделді. Барлық педагогтардың үйінде интернет желісі іске қосылған, онлайн платформалармен сабақ жүргізе алады.
Барлық педагогтар атынан ҚР-ның Білім және ғылым министрлігіне педагогтарды осындай жағдайда жоғары дәрежеде қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғысымыз шексіз.