"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

29.01.2024

Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жұмыстарының  2024 жылдың 26 қаңтар күні жоғары сынып оқушыларының және учаскелік инспектор  полиция қызметкері Калмаганбетов Нұрсұлтан Сәкенұлының қатысуымен дәріс өткізілді. 
 Оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау туралы түсінік беріп,  тәртіп сақтау, дұрыс жүру, құқықбұзушылыққа апаратын қадамдарға бармау, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, электронды темекілерді пайдаланбау, әлімжеттік жасамау туралы түсіндірме жасалынды.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасалып отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық болмауына пайдасын тигізеді. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
#біртұтастәрбие

 

Просмотров: 51


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст