Бүгін, 26.01.24 күні сағат 12.00 де "Тасты-Талды ауылының жалпы білім беретін мектебі"КММ 7-11 "А" және "Б" сыныптары арасында "Қазақ есебі" челленджі өтілді. Ұлттық қазынамыздың бірі – қазақтың байырғы қара есептері. Яғни, қазақ халқының байырғы көне есептерінен ұлтқа тән ерте замандағы тұрмыс-салты, әлеуметтік өмірі мен мәдениеті және де басқа сипаттары туралы аса құнды ақпараттар алуға болады. "9 ай - 9 іс-шара" тұжырымдамасы бойынша жүзеге асырылған «Қазақ есебі» челленджі ф-м.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналады.
Мақсаты: білім алушылардың креативті және сыни ойлауын
дамытуға ықпал ету
#яматематик
#есепшығару
#біртұтастәрбие
#математикаижизнь
#креативноемышление