Текст
Бүгін, қыздармен жұмыс аясында, 5-11сынып қыздары медицина маманымен кездесті. Қыздардың жеке бас гигиенасы және репродуктивті денсаулығы туралы ауыл емханасының дәрігері –акушер- гинеколог Сагынбаева Г.Ж толық ақпарат берді.
Кездесудің мақсаты – жасөспірім қыздардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жеке бас гигиенасын ұстану, оның салдары туралы ақпараттандыру, келеңсіз жағдайлардың алдын алу.Қыздармен жұмыс барысында қыздардан сауалнама алынды.
Бүгінгі жастар – болашақ аналар – аяулы қыздарымыз кездесу барысында айтылған құнды ақыл-кеңестерді алдағы өмірлерінде қатаң басшылыққа алып, өз жарқын болашақтарының суретшісі болады деп сенеміз!