Текст
Жарқайың аудандық "Білім бөлімі"ММ-нің бастамасымен аудан мектептерінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бағытынының 1-кезеңі "Этно-ауыл" тақырыбында жүзеге асырылды. Бұл іс шараның мақсаты: Оқушыларға салт-дәстүрді дәріптей отырып, өскелең ұрпақ бойына отанына деген сүйіспеншілік және ұлттық әдет ғұрыптарды дарыту.Бұл жобаға "Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ өте шеберлікпен және жоспарлы түрде ат салысып алдыңғы қатардан 1- дәрежелі Дипломмен марапатталды. Осы іс-шараны өткізуге үлес қосқаны үшін мектеп басшысы Мұкамажитова К.З. алғыс хатпен марапатталды.