23.09.2023
Тәрбие бөлімінің жоспарына сай мектепішілік ата аналар жиналысы барысында Есенгазина Л. Ш "Біз біргеміз" атты сұхбатты кеш өткізді. Кеш жайылған дастарқан қошеметімен ерекшеленді. Жиналған ата аналар " Анаға хат" айдары кезеңінде баласының жазған құпия хатын бесбармақтың суреті арқылы тауып, хат мәтінінен еріксіз тебіреністерге бөленді. "Міне менің -балам" бөлімінде мозаикалар арқылы өз баласының фотосын жинақтады. Осы сұхбатты кездесуге мектеп психологі Громина Н. және тәрбие ісінің орынбасары Нурмуканова С. қатысты. Мектеп директоры Мукамажитова К. ата аналардың сұрақтарына жауап береді.