01.09.2023
«Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Мерекелік жиын мектеп директорының Мукамажитова К.З-ның тамаша жылы лебізімен басталды. Салтанатты жиыннан соң «Мектебім-мейірім мекені» атты сынып сағаттарына қатысты. Қуттықтау сөз сөйлеп,оқушыларға сәттілік тілеген қонақтарымыз:
Қала әкімінің міндетін атқарушы Сейтбек Досбол Ерікұлы, Жарқайың ауданының білім бөлімінің әдіскері Кабиденов Дархан Есенгельдинович, Тасты-Талды ауылының әкімі Хамзин Кокетай Ильясович. 1 сыныпқа барлығы 7 оқушы барды.