Текст
Тасты-Талды орта мектебінде «Жаратылыстану» пәндері апталығын өткізу барысында биология және химия пәні мұғалімі Нурмаканова С.Т 10-11 сынып оқушылар арасында «Жаратылыстанушы» атты зияткерлік ойын ұйымдастырды. Зияткерлік ойын байқау түрінде өткізіліп, оқушылардың пән бойынша білімдері сараланып, әр кезеңде екі ойыншыдан сейіліп отырды. Ойын нәтижесінде ең жоғары ұпай жинаған ойыншы «Жаратылыстанушы» титулына ие болды.