22.06.2023
22 маусым күні "Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ түлектерге аттестаттарды тапсыру салтанатты жиыны өтті.
Жиынға Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Нурпеисова Г.К қатысып, мектеп түлектерін құттықтады.
Барлығы 7 түлек орта білім туралы аттестатқа ие болды.
Жиын ҚР- ның мемлекеттік гимнімен басталды, мектеп директоры Мукамажитова К.З құттықтау сөз сөйлеп ,түлектерге ақ жол тіледі.
Түлектердің ата- аналарына алғыс хаттар тапсырылды. 11 "А" сынып түлектері атынан Сансызбай Мадияр Даниярұлы ұстаздарға алғыс хат айтып, сөз сөйледі.