Жарқайың ауданы Білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Тасты-Талды ауылының ЖОББМ"КММ 21сәуір күні " Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру-сапалы білім кепілі" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өткізілді. Семинарда мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері: Какимжанова А.Т. қазақ тілі, Бейсенова М.М математика, Оспанова Л.В жаратылыстану пәндерінен, Аргимбеков Е.З, Кобегенов К.Ж дене тәрбиесі пәндерінен ашық сабақтар көрсетсе, Сергеева Л.В бастауыш сынып оқушыларына "Көңілді старт", АӘДТ мұғалімі Мырзағали Ж.Ш "Біз болашақ-Ұланбыз" атты әскери-патриоттық іс-шарамен аяқтады. Мектеп мұғалімдері өз сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана отырып, сабақтың мақсатына жете білді. Әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз